fonts: Arial-WindowsXP  /   pdf

Иса  Христостың  жолдары

 

Дін1) Исамен бір жолда адамның Құдайға "қайта қосылуы" ретінде

1) Религия (дін) сөзі латын тілінен шыққан re-ligio = бізде "өзегімізден" денеге ие болатын Құдаймен қайта бірігу. Осы секілді нәрсе голограмма сияқты кең ауқымда да орын алады.

 

Адам өміріндегі тереңірек мәселелерді түсіну

Денені емдегеннен кейін де өзгерістер үшін Иса бірінші : "Жақсарғың келе ме?" (Иоанн 5,6) немесе "Құдайға жақындағың келсе, сен өзiңнiң әлі де өзгертуді керек ететін кемшілігіңді білесің бе?"- деп сұраушы еді. Өмірде Дінмен байланысы жоқ қарапайым нәрселердің астарынан өзек жіпті табуға болады. Бала есейе келе жаңа қабілеттерге ие болады, алайда бастапқы қабілеттері тез сөніп қалады. Кейіннен бұл табиғи қабілеттерді қайтадан жаңартып көруге болады. Мұндай жағдайда жаңадан қосылған қасиеттер қалып, бұл кезде тұлғаның қатаюы босаңсиды немесе өшіп қалады. Ақылмен және түйсікпен өмір сүру арасындағы "жүректегі" әлсіз көпірдің үзілуіне әкелетін бар ой мен өмірдің арасындағы үзіктер қайтадан берігірек жалғасады. Осы үзіктің жұмақ аңызындағы "білім ағашының жемісін жеудің" бір мағынасы екендігін және Исаның "Өзгеріп, балалар сияқты болмайынша, аспан патшалығына ешқашан кірмейсіңдер" деген сөзінің өзгеріс пен оралудың мүмкіндігін терең білуге негізделгенін көрсетуге болады Матфей 18,1-3; Марк 10,15; Лука 18, 17. Бұл тек балалардың қысылмайтын қылықтарына емес, "адамның пайдалану жөніндегі басшылығының" жоғалып қалған бөлігі "бастапқы" (ағыл.: "archetypical" 2)) болып табылатын дамудың алғашқы негіздеріне қатысты. Бұл жол қазіргі күнгі шектеулі интеллектуалдық сана-сезімнен әлдақайда алысқа апара алады.

2) Кісінің жағымсыз ("ібілістік") қасиеттерін жеңудің ішіне аталмыш үзікті жалғау кіреді.
"Archetypal" (бастапқы) С. ДЖ. Юнг және басқалардың терең психологиялық термині; адам болмысының әр түрлі формалар/фигуралар ретінде, мысалы түстерде, бастан кешірілген негізгі үлгілері.

Бұл кісі мұның барлығын өз бетімен оңай меңгеріп кете алады деген сөз емес. Иса мұны меңгеру үшін шынайы жол және құдiрет немесе мейірім ұсынады. Шындықты іздеуші христиандар, христиан мистиктері және христиан алхимиктері өздерінің (одан ары) кемелдену жолдарын тапты (салыстырыңыз: мысалы: Матфей 5,48; Иоанн 10,34;...). Көптеген басқа христиандар саналы немесе санасыз түрде, мейлі олар іштей іздесін немесе өздерінің сенімін қоғамдық өмірде қолдансын немесе екеуін де қатарластырсын біз "толық христиандық" деп атайтын бірдей тәжірибені бастарынан кешіреді. Мыңдаған жылдардан бері көптеген басқа мәдениеттер де сол ішкі арпалыстардың шешімдерін іздеумен келді, мыс. Дао алхимиктері және кейбір Йога мектептері 3).

3) Сөзбе-сөз "қамытқа жегу" дегенді білдіретін үндінің "Йога" деген сөзі де түп-тамырмен мәңгілікке қайта байланысу деген мағынаны береді. Бұл және осындай басқа жолдар да Христиандық жолы сияқты бір мақсатқа жеткізуі тиіс дегенді білдірмейді.

Иса, "жаңа Адам" сол уақыттан бері адамдардың сөніп қалған бастапқы қасиеттерге қайтадан ие бола алатындығының және қазіргі уақытта қауіп төндіріп тұрған олардың жолдан тайған қасиеттерін түзететін уақыт келгенінің белгісі. Жерге "қуанышты сәт" ретінде өмір мәнінің бастапқы қайнар көзі Құдаймен байланыстың және аса дамыған адам санасының мысалы болды. Ол азғындау күштерін жеңді. Адамдардан ерекше болса да, ол да осыны көрсеткен адам баласы болатын. Сондықтан да адамдар мұны да істей алады, әсіресе олар мұны саналы түрде істесе. Жануарлардың бір түрі өздерінің Р. Шелдрейк ашқан өзара күш өрісінің ықпалымен бір аралда үйренген нәрсені басқа аралдағы дәл сондай жануарлар тезірек үйренетіні сияқты, тіпті тарихтағы Исаны білмейтіндер үшін де оның қайта келуін қоса алғанда, өмірінің ықпалы тиюі мүмкін.

Біріншіден, Иса және Құдаймен іштей байланысу шіркеусіз мүмкін бола алады, алайда христиандардың тиісті қауымының көмегі тиеді. Исаны тек рухани кеңесші немесе әлеуметтік реформатор ретінде қарастыратын құдай туралы қарама-қайшы ілімдер енді ең соңғы құрал емес, бірақ олар, әсіресе бір кісі біреуден артығын білсе, оған ой беруі мүмкін. Әрбір жеке тұлға өз бөлмесінде оңашада, ақырында көпшілік орында да Исамен үйлесім таба алады. Осы мақсатта адам евангелиеден өзіне мирасқа қалған қасиеттерін естеріне ала алады. Исаны өлімнен аман қалып, қайта келген деп оған ашылса, Исамен осы уақытта өмір сүріп жүрген тұлға ретінде байланыса алады. (Әдетте Исаныкінен басқа күйде өлімнен кейін тірілген басқа кісілер туралы көптеген дәлелдер бар.) Адамдар "оның атына", өзінің ағасы ретінде онымен бірге сыйына алады. (қараңыз: Иоанн 15,16; Матфей 6, 7-15; Матфей 18,19-20). мысалы:

Құдай, менің басталуым, менің жәрдем және менің үмітім!
Иса Христоспен бірлесіп бәрі Сенен шығатын/келетін істер үшін Саған алғыс айтамын;
бәрі Сенен алыстатқан істер үшін кешірім сұраймын;
мына тыныштықта Сенің рухын арқылы маған шығармашылық ізденуге рұқсат бер.

*) Егер кімде-кім Мәриямды қосқысы келсе, қоса алады. Осылай да адамның еркектік және әйелдік қасиеттері бірдей жетілуі мүмкін.
**) Қосымша мынаны істеуге болады: 1- жағымсыз болған сияқты немесе осыған ұқсас сезіммен қарау (мыс.: тіпті бұл ой немесе сөз жүзінде ғана болса да, мазасыздық, жек көру және ашу-ыза, немқұрайлылық және арсыздық, қатты шүбәлану немесе қиындық; , салыстырыңыз: Матфей 5,22). 2 Бұл туралы ойланудың орнына, мұның не екенін жақсырақ түсіну үшін бір минуттай күту. 3 қазір сезіліп отырған осы қиындықты дұға кезінде Құдайға беру. (Бұдан басқа, осылайша бүкіл өмірін Құдайдың немесе Исаның қолына беруге болады). 4 біраз жеңілдік сезілгенге дейін тыныш тұру.
***) Үнсіздік "болған жайларды тыныштандыруға мүмкіндік береді" және осылайша осымен шұғылдануға немесе сыйынуға жақсырақ дайындайды. Сосын жаңа нәрселерге кішкене ғана ашықтық қайтадан пайда болады.

 

Осы жолдағы әдептің маңызы

Жолдағы бір деңгей - "Құдайды жақсы көру" бәрінен де жоғары "және көршіңді өзің сияқты жақсы көру" (Матфей 19,19) болып табылады. Өзіңді жақсы көру де өзің үшін тапсырма табуға тырысудың бір бөлігі болуы мүмкін. Сүйіспеншілік арқылы Исамен байланысуға болады, өйткені бұл оның даналықпен аралас келген негізгі табиғаты. Сонымен қатар, жақсылық жасау да өзінің нәтижелерімен христиандық жолын ашады. Иса бұрынғы әдеп негіздерін ұстанған, өйткені (әдетте) "адам не ексе, соны орады" (Гал. 6,7), бірақ ол жеке тұлғаның жауапкершілігіне сыртқы заңнан гөрі үлкенірек мән беретін. Мұнда біз өзіміздің ішімізде Иса өз өмірі арқылы көрсетіп кеткен рухпен үйлесіп жатқан ар-ұждан сияқты сезілетін бір нәрсе бар екенін сезуге болады. Бұл сәтті жеке өзің жүректе немесе жанда немесе рухта сезуге болады. Мүмкіндігінше жиірек Исаның белгілі қасиеттерін еске алған пайдалы. Осылайша, мейлі қазіргі уақытта соншалықты үлкен әсерлер болмай-ақ қойсын анағұрлым тікелей байланыс пайда бола алады.

Осылайша өзіміздің ішімізде мейірімділік арқылы дамыған құдiрет тағы да "сыртқы" Исадан және Құдайдан келетін жалпы емдік қасиетті тарта алады. Мұнда да жекелей сезінген басқа болады, алайда бұл жағдайда өзіңе және айналаңдағыларға тиетін әсері қарқынды болуы мүмкін. Баяғыда аздаған "мистиктер" мен "әулиелер" сезінген ол сезімдер қазір "ақырзаманымыздағы" қарапайым адамдардың арасында тарала алады. Мұның маңыздылығы бірден біліне бермеуі мүмкін, сондықтан да ол мұнда атап өтілуі тиіс. Қызыққандар бұл түрлендіру күшін мойындауы мүмкін, әйтпесе осымен үйлесе отырып, жеткілікті қасиеттерін дамыта алмағандардың тосқауылдарына ауыр соққы болып тиюі мүмкін. Осы себепті бұл бір "сот" сияқты сезілуі мүмкін.

Мен басқаларға олардың Саған кележатқан жолыңда жаманшылық жасамау үшін бағытта мені;

Мен басқаларға Сенің ықтиярын бойынша жәрдем беру үшін бағытта мені;

Менім жолымда қорға мені. *

*) Мұнда басқалары қосыла алады.

 

Тарихымыздан бұрынғы заманнан бергі мәдениеттердегі осыған ұқсас кең ауқымды даму

Балалықтан ересектікке дамудың аталған сатылары сияқты, адами мәдениеттер де естіліктің ұқсас сатыларынан өткен. Бір жағынан, олар жаңа қабілеттерге қол жеткізді (бұрынғыдан да еркінірек ерік, сезімдер мен ойлар). Екінші жағынан, бүкіл "жаратылыспен" алғашқы таныстық проблемалы салдарымен азайды. (Салыстырыңыз: мысалы: Жан Гебзер, "Ursprung und Gegenwart" -german-: Бірінен кейін бірі "ескірген", "сиқырлы", "мифтік" және интеллектуалдық сана келеді, ал олардан тыс одан да жалпы дұрыс ақыл дамуы мүмкін. Көрнекті тұлғалар бұл көтерілу сатыларын өздерінің мәдениеттері үшін жемісті етуге көмектесті. Бұл барлық кедергілерге қарамастан орын алған болатын, бірақ, аталғандай, бұрынғы қабілеттерге нұқсан келді. Жаңа тарихымызда адамзат пен халықтар тірі қалғысы келсе, әрі қарайғы кішірек немесе үлкенірек даму сатыларын меңгеруге шақыруды қабыл алуға мәжбүр. 4). Бұл мүмкіндіктер шамамен 2000 жылдан бері бар. Бұл даму бұдан ары ақыл-ой сияқты бұрынғы қасиеттерді азайтпауға тиіс. Егер жеке тұлғалардың жеткілікті саны бұрыннан да тұтасырақ, дұрыс, ақылды дамыса және өздерінің киелі түп-тамырларымен 1) байланысын жаңартса, адамзат "жоғарыдан" келетін көмекпен ақырзаман апаттарын жеңе алады. Мұның бейбітшілік қозғалысы және с.с. әлемдегі белсенділерге де қатысы бар. Барлық түзу ниетті адамдардың бұл "ойында" міндетті түрде өз алатын орындары болады. Құрылған діни мектептер бойынша көптеген адамдар айқын ізденіс үстінде. Олар болашаққа қарай жүруін жалғастырып, өткеннен құтылады, дегенмен бұл жерде бір "аралық" болуы мүмкін. Егер кімде-кім мақсат адамзатты немесе саналылықтағы ілгерілеуді "құтқару" деп түсінсе де бәрібір. Қазіргі бағалау таразысы өзгертілуі тиіс, өйткені ескі "бағдарламаның" қайда апарытыны анық. Барлығы бір тұтас нәрсенің бір бөлігі болып табылады, сондықтан жақсылық істеу әлемге көмегін тигізеді.

4) Біз Герберт Грульдің "Himmelfahrt ins Nichts" (немісше "Ешнәрсеге мадақтау") атты соңғы кітабымен тек бір себептен келіспейміз. Өйткені, адам қанша дегенмен тек бір сәт Құдай болып табылатын ұмытылып кеткен даму және құдiрет көзін сезе алады.

Өмір және өлім туралы биліктерді Сенің қолыңа беруге кісілерді жігерлендір **;

Сенің жаратылыс үшін жұмыс істейтіндерге жәрдем бер***;

Осы дүниені олқылыққа Сенмен уәделі жаңа заманға жүргіз.****

**) Бұл жерде егжей-тегжейлер қосылуы немесе дұғадан кейін барып ойланылуы мүмкін. Ол былай: зорлық-зомбылықты тоқтату', 'зорлық-зомбылықтың бір себебін жою мәселелерін шешу', 'діндердің арасындағы ең ізгі ниеттермен әрекет ететіндерімен бейбіт келіссөздерді бастау', ... .
****) Лука 11:2; 21:31. Ашылу 11:16. Құдай өзіне берілген сүйіспеншіліктерді тарата алады.

 

Осылайша Құдай "жолына қайта түсу" кең ауқымда да, тар ауқымда да біздің қолымызда

Иоанн 16,12-13: "Менің әлі де сендерге айтарым көп, бірақ оларды сендер қазір таси алмайсыңдар. 13: Ақиқат Рухы келген кезде, ол сендерді ақиқатқа бастап апарады, өйткені ол өз құдіретімен сөйлемейді, бірақ ол сендерге не айтса да, не мәлімдесе де, болатын нәрселерді айтады.

 

Баспана бетке қарай:

Келесі тақырыптарға (ағылшынша) негізгі мәтін:
Исаның жолдары, оның адам саналылығына және адамзат пен жердің өзгеруіне қосқан үлестері: тәуелсіз ақпараттық бет; зерттеу мен тәжірибенің көптеген салаларының жаңа көзқарастарымен; жеке тұлғаның дамуы үшін тәжірибелік кеңестермен.

Христос жолдары" веб (интернет) бет зерттеу және ақпарат жоба болады. Бұл бет шіркеулерден, дін түтұлерден және басқа дін жамағаттардан тәуелсіз (бірақ оларға қарсы да бағытталынбайды). Бұл бет діндердің аралығында бейбітшілік қарым-қатынасқа және шексіз түсінуге жәрдем береді. Христос жолдары" экономикалық пайдаға және саяси ықпалға ұмтылмайды. Христос жолдары миссионерлік етпейді де мүшелерді іске тартпайды.